Жол құрылысына қажет жаңа технология сынақтан өткізілді
Батыс Қазақстан облысында жол құрылысына қажет жаңа технология сынақтан өткізілді.
Жолдауда Мемлекет басшысы жол саласына да цифрландыру жүйесін енгізуді тапсырған болатын. Қазір «Подстепное - Федоровка - Ресей шекарасы» күре жолының 108-шақырымы қайта жөнделіп жатыр. Құрылыс басына әкелінген жаңа техника Asphalt Manager жүйесімен жабдықталған. Қатқыл табанды жабындыны нығыздап, тегістейтін машинаны Астана қаласында тәжірибеден өткізіп, байқап көрген. «Ақылды» техникаға компьютер арқылы дәл әрі анық тапсырма беріледі.
Айбар Әубәкіров, жұмысшы:
Мына катоктың ерекшелігі көрсеткіште бәрі көрсетіліп тұр. Қанша тығыздығы бар, асфальт ыссылығы қанша градуста болып тұр, соның бәрін автоматты түрде көрсетіп тұрады. Басқа катоктардан айырмашылығы сол - қанша рет жүріп өтті бір бөлікті, бәрін көрсетеді.
Техниканы кеңседе отырып та басқаруға болады. Асфальт тығыздығы қанша болуы керек, жұмыс қалай орындалып жатыр – планшетте сайрап тұр. Жаңа технология облыс жолдарының тығыздығын реттеп, құрылыс сапасын жақсартуға сеп болмақ.
Жанна Кенжина, жол құрылысы кәсіпорнының басшысы:
Бұл смарт техникада жүргізуші тек асфальттың қалыңдығын таңдайды, қалғанын каток өзі реттейді. Президентіміз барлық салада цифрландыруға көшуді тапсырды. Мұндай ақылды техникалар жол-құрылыс жұмыстарының да сапасын арттыруға, уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
