Орал студенттеріне қалдықты сұрыптаудың маңызы түсіндірілді
Оралда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында студенттер қаланы тазалаушы мекеме өкілдерімен кездесті. Шарада тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу мәселесі көтерілді. Мамандар қоқысты қайта өңдеудің экологиялық қауіпсіздігі мен экономикалық тиімділігін атап өтті. Қалада пластик, қағаз, металл қабылдайтын экологиялық орындар туралы мағлұмат берілді. Жастарды табиғатты аялауға, айналаның тазалығына үлес қосуға шақырды. Мұндай шаралар жастардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді, дейді ұйымдастырушылар.
Рафхат Данағұлов, коммуналдық мекеменің басшысы:
Біз үш экопункт аштық. Олай сұрыптамаған жағдайда ол қалдықтың барлығы барып қоқыс полигонына түседі. Ол полигонға түскен пластиктің мысалы, шіру уақыты 200 жылға дейін барады. Ол біздің экологияны ластау деген сөз.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бауырлас елдің азаматтары мерекемен құттықтады
21.10.2025, 13:20

«Қайрат» – «Пафос»: «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
21.10.2025, 13:18
Жамбылдық бағбан цитрус жемістерін жерсіндірген
21.10.2025, 13:15
Қазақстан бойынша «Береке Fest» акциясы өтіп жатыр
21.10.2025, 13:09
Маңғыстау облысындағы автожолдар сапасына бақылау күшейді
21.10.2025, 13:07
БҚО-да өрттің алдын алуға дабыл құрылғылары орнатылуда
21.10.2025, 13:05
Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 13:02
Қ.Тоқаев Әзербайжан президентін Ақордада қарсы алды
21.10.2025, 13:00