Қазақстан мен Венгрия Будапештте жүк терминалын салады
Қазақстан мен Венгрия Будапештте жүк терминалын салады. Бұл жайында Премьер-Министр Олжас Бектенов пен Мажарстан Президенті Тамаш Шуйоктың кездесуінде айтылды. Тараптар өзара сауданы одан әрі арттырудың зор мүмкіндігін атап өтті. Қазақстан Мажарстанға қосымша 95 тауар түрін экспорттауға дайын. Осы орайда жаңадан құрылған Қазақстан-Мажарстан инвестициялық қоры бірлескен жаңа жобаларды іске асырудың маңызды тетігіне айналады. Сонымен қатар екі ел сауда-экономикалық, көлік-транзиттік, ауыл шаруашылығы және жасанды интеллект бойынша да бірқатар жобаларды бірлесе дамытуға күш салмақ.
Автор
Дамир Нұрмұхамет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бауырлас елдің азаматтары мерекемен құттықтады
21.10.2025, 13:20

«Қайрат» – «Пафос»: «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
21.10.2025, 13:18
Жамбылдық бағбан цитрус жемістерін жерсіндірген
21.10.2025, 13:15
Қазақстан бойынша «Береке Fest» акциясы өтіп жатыр
21.10.2025, 13:09
Маңғыстау облысындағы автожолдар сапасына бақылау күшейді
21.10.2025, 13:07
БҚО-да өрттің алдын алуға дабыл құрылғылары орнатылуда
21.10.2025, 13:05
Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 13:02
Қ.Тоқаев Әзербайжан президентін Ақордада қарсы алды
21.10.2025, 13:00