Маңғыстауда 7 сейсмикалық станция орнатылады
Маңғыстауда 7 сейсмикалық станция орнатылады. Соған байланысты қазір мамандар аймақта сейсмикалық және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Облыста Аққұдық ауылынан бастап Бозашы түбегіне дейінгі аумақ 6 және 7 балдық
жерасты дүмпуі болуы мүмкін қатерлі аймаққа жатады. Ұлттық сейсмикалық бақылау
және зерттеу ғылыми орталығының мамандары осы аралықта орналасқан ауылдық елді
мекендерде жерасты қозғалыстарын арнайы құрылғыға жазып, зерттеуде. Сол
жұмыстардың нәтижесінде сейсмикалық станцияларды қоятын орындар анықталады.
Айта кетейік, өңірде тамыз айында 2 балдық жер сілкінісі, ал қыркүйекте Каспий
теңізінде 4 балдық жер асты дүмпуі тіркелді.
Шолпан Құлбекова, ҚР ТЖМ Ұлттық сейсмикалық бақылау және зерттеу ғылыми
орталығының маманы:
Маңғыстау өңірінде соңғы уақыттарда сейсмикалық кейбір әлсін-әлсін оқиғалар тіркеліп жатыр. Бұл станциялар эпицентрі 4 мың км-ге дейінгі радиустағы жер қозғалысын тіркейді. Ол Каспий теңізінің ортасында болсын, Түрікменстанда болсын, Өзбекстанда болсын, көрші Қызылорда, Атырау облыстарында болған сілкіністің бәрін тіркейтін аппарат.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бауырлас елдің азаматтары мерекемен құттықтады
21.10.2025, 13:20

«Қайрат» – «Пафос»: «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
21.10.2025, 13:18
Жамбылдық бағбан цитрус жемістерін жерсіндірген
21.10.2025, 13:15
Қазақстан бойынша «Береке Fest» акциясы өтіп жатыр
21.10.2025, 13:09
Маңғыстау облысындағы автожолдар сапасына бақылау күшейді
21.10.2025, 13:07
БҚО-да өрттің алдын алуға дабыл құрылғылары орнатылуда
21.10.2025, 13:05
Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 13:02
Қ.Тоқаев Әзербайжан президентін Ақордада қарсы алды
21.10.2025, 13:00