Басты Жаңалықтар Ұлттық музейде суретші Ерболат Төлепбайдың мерейтойлық көрмесі ашылды

Ұлттық музейде суретші Ерболат Төлепбайдың мерейтойлық көрмесі ашылды

Астанадағы Ұлттық музейде белгілі суретші Ерболат Төлепбайдың шығармашылығына 50 жыл толуына орай мерейтойлық көрмесі ашылды. Іс-шараға Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев қатысып, қыл қалам шеберінің қазақ бейнелеу өнеріндегі орны мен еңбегіне жоғары баға берді. Шынында, өнер иесі ұлттық нақышты Еуропа және Азия көркемдік стилімен үйлестіріп, қиял мен шынайылықты астастырған сюрреализм бағытына тың серпін берген тұлғалардың бірі. Ол – Әбілхан Қастеев, Гүлфайрус Исмаилова, Жаңатай Шәрденов сынды өнер тарландарының жолын лайықты жалғастырып келе жатқан суреткер.

Бөлісу