Президент: Технология таңдаулыларға ғана емес, баршаға қызмет етуі тиіс
Мемлекет басшысы «Digital Bridge» форумының пленарлық отырысында технология таңдаулыларға ғана емес, баршаға қызмет етуі тиіс екенін айтты. «Жиынның жаңа бағыты халықаралық ынтымақтастықты дамытып, жасанды интеллектіні халқымыздың игілігіне тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Жасанды интеллект әлемді өзгертіп, адамзат өмірін қайта қарауға мәжбүрлеп отыр. Сондықтан инженерлер мен гуманитарлық мамандардың жаңа буынын тәрбиелеу қажет», - деді Президент.
Бүгінде «Digital Bridge» өте маңызды пікір алмасу алаңына айналды, бұл жерде
жаһандық өзгерістер мен цифрлық экономиканың болашағы туралы өзекті ойлар
айтылып, маңызды бастамалар көтерілетін алаңға айналғанын жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Бүгінде «Digital Bridge» өте маңызды пікір алмасу алаңына айналды, бұл жерде жаһандық өзгерістер мен цифрлық экономиканың болашағы туралы өзекті ойлар айтылып, маңызды бастамалар көтеріледі. Осы уақыт ішінде форум жұмысына 67 мыңнан астам адам, 500-ден аса ІТ-компания және 100 елдің өкілі қатысты. Қазақстан Еуразиядағы негізгі цифрлық хаб ретінде алдағы уақытта да осы маңызды жұмысты жалғастыра береді.
Мемлекет басшысы алқалы жиынға Мажарстанның Президенті, Жоғары Мәртебелі Тамаш
Шуйоктің қатысып жатқанын ерекше атап өтті. Сондай-ақ мәртебелі мейманның идеялары
және бастамалары цифрлық технология саласындағы халықаралық серіктестікті
нығайта түсуге септігін тигізетініне сенім білдірді.
Тамаш Шуйок, Мажарстан Президенті:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтқым келеді. Қазақстанда мажарларды жақын тартады. Біз де өзіміздің шыққан түбімізді ұмытқан емеспіз. Бүгінде цифрлық технологиялар қарқынды дамып келеді. Ал Қазақстан технологиялық даму хабына айналып отыр. Форумда жасанды интеллектінің мүмкіндіктері туралы айтылып жатыр. Біз оны бейбіт мақсатта пайдалануымыз керек.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бауырлас елдің азаматтары мерекемен құттықтады
21.10.2025, 13:20

«Қайрат» – «Пафос»: «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
21.10.2025, 13:18
Жамбылдық бағбан цитрус жемістерін жерсіндірген
21.10.2025, 13:15
Қазақстан бойынша «Береке Fest» акциясы өтіп жатыр
21.10.2025, 13:09
Маңғыстау облысындағы автожолдар сапасына бақылау күшейді
21.10.2025, 13:07
БҚО-да өрттің алдын алуға дабыл құрылғылары орнатылуда
21.10.2025, 13:05
Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 13:02
Қ.Тоқаев Әзербайжан президентін Ақордада қарсы алды
21.10.2025, 13:00