Басты Жаңалықтар Талдықорғандықтар Жеңістің 80 жылдығына ағаш екті

Талдықорғандықтар Жеңістің 80 жылдығына ағаш екті

Талдықорғанда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ерекше маңызға ие шара өтті. Еріктілер мен жастар, қоғамдық ұйым өкілдері және қала тұрғындарын қоса алғанда 30-дан аса адам жеңістің 80 жылдығына арнап, ағаш көшеттерін екті. Игі шара жас ұрпаққа ел тарихын қастерлеумен қатар табиғатты аялап, жанашырлық танытуға үйретеді. Әрбір егілген ағаш – майдангерлердің батырлығын ұмыттырмайтын ескерткіш, бейбіт өмірдің құнын ұғындыратын естелік, дейді қатысушылар.

Аяла Болат, қатысушы:

Бұл біз үшін үлкен мәртебе. Тарихи сәт. Себебі қаншама ата-бабамыз тер төккен. Сондықтан біз өзіміздің жемісіміздің дәмін сезіп, ағаш отырғызып, экологияға үлесімізді қосып отырмыз. Осы ағаштар бізбен бірге өседі деген үміттеміз.


Бөлісу