Басты Жаңалықтар Маңғыстау облысында «Жасыл сутегі» жобасының жоспары пысықталуда

Маңғыстау облысында «Жасыл сутегі» жобасының жоспары пысықталуда

Маңғыстауда ауқымды инвестициялық жоба – «Жасыл сутегі» зауытының бірінші кезеңінің толық жоспары жасақталып жатыр.  Бірінші кезеңде жылына шамамен 4 гигабайт электр энергия, 130 мың жасыл сутегі, 700 мың тоннадан астам жасыл аммиак өндіру көзделген. Қазір экологиялық зерттеу жұмыстары жалғасуда.

Сонымен қатар зауыт қандай технологиямен жұмыс істейді, қандай инфрақұрылымдар қажет деген мәселелер талқылануда. Бұл туралы Ақтауда өткен «Жасыл сутегі – тұрақты энергетикалық болашақ» атты халықаралық конференцияда айтылды.
Айта кетейік, «Жасыл сутегі» зауытына Қазақстан-Неміс университеті жергілікті оқу орнымен бірлесіп, мамандар дайындап жатыр.

Волрад Роммель, Қазақстан – Неміс университетінің президенті:

Біз Маңғыстауға инженерлерді дайындауды бастап кеттік. Қазір германиялық компанияның жобасы әзірленуде, оған 100-ден аса маман оқытып жатырмыз. Бүгінгі шараға серіктес неміс университеттерінің ғалымдары да келді. Жасыл сутегі технологияларына қатысты ғылыми ұсыныстар айтылып жатыр.

Айнұр Тумышова, «Жасыл сутегі» жобасын үйлестіруші:

Алдыңғы аптада біздің акционерлер Германиядан келді. Үкіметте кездесу өткіздік. Өздерінің тарабынан тағы да жобаны жалғастыруға дайын екенін айтып өтті. Жоба тоқтап жатқан жоқ. Иә, қиын жоба, ұзақ жоба, ақша көлемді қаржыны керек қылатын үлкен жоба. Дегенмен бұл қаржының барлығы неміс тарапынан және олар ары қарай жобаны дамытуға дайын екенін айтып өтті.


Бөлісу