Басты Жаңалықтар Павлодарда үздік ұстаздар марапатталды

Павлодарда үздік ұстаздар марапатталды

Павлодарда мұғалімдердің кәсіби мерекесіне орай ерекше сый көрсетілді.

Ұлық емес, ұлы кәсіп иелері ұрпақ тәрбиесіне жауапты. Сондықтан әр мұғалімнің еңбегі ерен. Соңғы 5 жылда Ертіс-Баян өңірінде білім саласын дамытуға бөлінген қаржы екі есе көбейді. Жаңа оқу жылында  алғашқы «Келешек мектебі» ашылды. Ұлттық жоба аясында жыл аяғына дейін тағы екі мектептің құрылысы басталады. Жас ұрпақтың алаңсыз білім алуына және педагогтердің мәртебесін көтеру, ұстаздардың жағдайын жақсарту мақсатында «Павлодар облысының білім саласына қосқан  үлесі үшін» төсбелгісі дайындалды. Бұл марапатқа лайық деп танылған мұғалімге 1 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақшалай сыйлық қоса тапсырылады. Арнайы марапат бүгін аймақ бойынша ең үздік бес ұстазға берілді. Солардың бірі – Павлодар өңірінде ұстаздар династиясы ретінде жақсы таныс Биболовтар әулетінен Айнұр Кендібайқызы.

Айнұр Кендібайқызы, Екібастұз қаласындағы қыздар гимназиясының мұғалімі:

Бүгінгі күні осы ұстаздарды ұлықтауда, мәртебесін көтеруде көптеген игі істер істелініп жатыр. Бүгінгі күні өзім ие болып отырған төсбелгінің өзі де «Павлодар облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» 25 жылдық ұстаздық жолымдағы үлкен бір сыйлық деп білемін. Еңбегімнің жанғаны деп білемін. Барлық ұстаздар қауымын бүгінгі кәсіби мерекемізбен құттықтаймын.


Бөлісу