Басты Жаңалықтар Еуропа сарапшылары Қазақстандағы реформаларды талқылады

Еуропа сарапшылары Қазақстандағы реформаларды талқылады

«Қазақстанның өркендеу жолы: демократиялық реформалар және парламенттік дипломатия арқылы бірлік». Страсбургта осындай атпен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Еуропа кеңесі Парламенттік ассамблеясының күзгі сессиясы аясында өткен басқосуға Еуропарламентарийлер, еуропалық сарапшылар мен еліміздің Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев қатысты. Еуропалық сарапшылардың пікірінше, Қазақстандағы соңғы реформалар азаматтардың құқығын, демократиялық институттардың қызметін кеңейтті. Президенттің партиялық қызметтегі рөлі шектеліп, парламенттік бақылаудың күшейтілгені теңдестірілген билік жүйесін құруға негіз болды, - дейді олар.

Лука Убан, Халықаралық қатынастар және стратегия институтының директоры:

Президент Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда жүріп жатқан реформалар елдің Орталық Азиядағы көшбасшы мемлекет екенін және Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы көпір рөлін атқарып отырғанын көрсетеді. Мен зерттеуші ретінде Астана, Алматыда, өңірлерде де болып, елдің демократиялық бағытта дамып жатқанына куә болдым. Мұндай өзгерістер жоғары бағаға лайық.

Эммануэль Дюпюи, Еуропадағы сараптама және қауіпсіздік институтының президенті:

Парламенттік дипломатияның әлемдегі тұрақтылықты қамтамасыз етуге қосатын рөлі орасан. Президент Қ.Тоқаев Нью-Йоркте сөйлеген сөзінде «Дипломатия, диалог – күш көрсетуден биік» деген болатын. Заңның үстемдік етуі, адам құқының қорғалуы сынды халықаралық мәселелермен бірге Президент Тоқаевтың жасанды интеллектті дамытуға басымдық беруі – көрегенділік.


Бөлісу