Таразда тұрмыстық қалдықтарды сұрыптайтын зауыттар салынады
Тараздағы қалалық «Жастар ресурстық орталығы» жыл басынан бері 200-ден астам тазалық акциясын өткізді. Қоршаған ортаны қорғау мақсатындағы шара қала құрамына қосылған жаңа аудандарда жалғаспақ.
Осы орайда эко белсенділермен кездесу өтті. Табиғат жанашырлары жастарды экологиялық бастамаларға белсенді қатысуға шақырды. «Байтақ» партиясының мүшелері еліміздегі экологиялық саясат табиғатты қорғау бағытында жолға қойылғанын атап өтті.
Жалпы, бүгінде тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау өте маңызды. Бұл бағытта Таразда 3 зауыт салынбақ. Өйткені жыл сайын қаладан 20 мың тонна тұрмыстық қалдық шығады. Ал полигонда 2,5 млн тонна қоқыс жатыр.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бауырлас елдің азаматтары мерекемен құттықтады
21.10.2025, 13:20

«Қайрат» – «Пафос»: «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
21.10.2025, 13:18
Жамбылдық бағбан цитрус жемістерін жерсіндірген
21.10.2025, 13:15
Қазақстан бойынша «Береке Fest» акциясы өтіп жатыр
21.10.2025, 13:09
Маңғыстау облысындағы автожолдар сапасына бақылау күшейді
21.10.2025, 13:07
БҚО-да өрттің алдын алуға дабыл құрылғылары орнатылуда
21.10.2025, 13:05
Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 13:02
Қ.Тоқаев Әзербайжан президентін Ақордада қарсы алды
21.10.2025, 13:00