Ақтауда «Қорқыт ата» кинофестивалі басталды

Ақтауда «Қорқыт ата» кинофестивалі өтіп жатыр. Шараға Түркия, Мажарстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан мен Түрікменстан елдерінен, сондай-ақ Қазақстанның режиссерлары мен атақты актерлары қатысуда. Олардың арасында әлемге танымал түрік актері Бурак Озчивит те бар.
Фестиваль аясында түркі елдері фильмдері көрсетіліп, кинематографиялық саммит, кино саласының майталмандарымен шығармашылық кездесулер және аймақтың көрікті жерлеріне сапар ұйымдастырылады. «Үздік көркем фильм», «Үздік режиссер», «Үздік сценарий», «Үздік актриса», «Үздік актер» номинациялары бойынша марапат табысталады.
Бурак Озчивит, түрік актері:
Ақтауға алғаш келуім. «Қорқыт ата» фестиваліне шақырғанда, бірден келістім. Себебі біз бауырлас халықпыз. Мәдени байланысты арттыруға ниеттіміз. Маңғыстау халқының ерекше ыстық ықыласына бөленіп жатырмыз.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бауырлас елдің азаматтары мерекемен құттықтады
21.10.2025, 13:20

«Қайрат» – «Пафос»: «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
21.10.2025, 13:18
Жамбылдық бағбан цитрус жемістерін жерсіндірген
21.10.2025, 13:15
Қазақстан бойынша «Береке Fest» акциясы өтіп жатыр
21.10.2025, 13:09
Маңғыстау облысындағы автожолдар сапасына бақылау күшейді
21.10.2025, 13:07
БҚО-да өрттің алдын алуға дабыл құрылғылары орнатылуда
21.10.2025, 13:05
Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 13:02
Қ.Тоқаев Әзербайжан президентін Ақордада қарсы алды
21.10.2025, 13:00