Көлік пен логистикада ЖИ мүмкіндігін пайдаланады
Қытай
мен Еуропаны жалғайтын Транскаспий халықаралық көлік торабының даму бағыты
нақтыланды. Тасымал торабына цифрландыру ісі, жасанды интеллект мүмкіндіктері
енгізілмек. Бұл туралы Алматыда өткен халықаралық жиында белгілі болды.
Кездесуге 21 мемлекеттен 160-қа жуық логистика компаниясының өкілдері қатысты.
Олар отандық ұйымдармен келісімге келді. Құжатқа сай Қазақстан мен Әзербайжан
стратегиялық әріптестігін нығайта түспек. Ал латвиялық компания көлік
басқарудың автоматтандырылған жүйесімен қамтамасыз етуі мүмкін.
Рамазан Кая, жүк тасымалы компаниясының
өкілі /Түркия/:
Қазақстан темір жол және жүк тасымалы үшін қолайлы ел. Жүк көліктері логистикасының дамуына мүмкіндік көп. Себебі сіздер арқылы Өзбекстан, Ресей, батыс мемлекеттерімен, Түркияға тауар тасымалдап отырмыз.
Еліміз Еуразиядағы маңызды сауда дәлізі. Былтыр 4 млрд тоннаға жуық жүк тасымалданған. Ал тауар айналымы 1,4 пайызға өсіп, шақырымына 597 млрд теңгеге жетті. Сондықтан шетелдік кәсіпкерлер қазақстандық әріптестерімен серіктестікті кеңейте түсуге ниетті.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бауырлас елдің азаматтары мерекемен құттықтады
21.10.2025, 13:20

«Қайрат» – «Пафос»: «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
21.10.2025, 13:18
Жамбылдық бағбан цитрус жемістерін жерсіндірген
21.10.2025, 13:15
Қазақстан бойынша «Береке Fest» акциясы өтіп жатыр
21.10.2025, 13:09
Маңғыстау облысындағы автожолдар сапасына бақылау күшейді
21.10.2025, 13:07
БҚО-да өрттің алдын алуға дабыл құрылғылары орнатылуда
21.10.2025, 13:05
Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 13:02
Қ.Тоқаев Әзербайжан президентін Ақордада қарсы алды
21.10.2025, 13:00