Президент алдағы Ұстаздар күнімен құттықтады
Озық ойлы ұлт болу үшін ең алдымен, білім-ғылымның дамуына баса мән беруіміз керек. Мұғалімдерді кәсіби мерекелерімен құттықтаған Президент осылай деді. Соңғы жылдары бұл салада атқарылған жұмыс орасан. 5 жылдың ішінде 1200 жаңа мектеп ашылды. 150 келешек мектебі салынып, тағы 67-нің құрылысы жүріп жатыр. Мұғалімдердің жалақысы 2 есе артты. Қазіргідей құбылмалы заманда сапалы біліммен қатар саналы тәрбиенің маңызы ерекше. Біз осы мәселеге баса назар аударуымыз керек деген Мемлекет басшысы білім беру саласына елеулі үлес қосқан бірқатар мұғалімді мемлекеттік наградалармен марапаттады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Қазір білім нарығында бәсеке күшейді, көптеген жастарымыз ұстаз болуға ұмтылып жатыр. Әсіресе мектепті «Алтын белгімен» бітірген түлектердің арасында мұғалімдік жолын таңдағандар көп. Бұл – өте жақсы үрдіс. Мемлекет мұндай азаматтарды әрдайым қолдайды. Биыл мұғалімдер даярлау үшін 13 мыңнан астам грант бөлінді. Бұл – еліміздегі барлық гранттың бестен біріне жуығы деген сөз.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бауырлас елдің азаматтары мерекемен құттықтады
21.10.2025, 13:20

«Қайрат» – «Пафос»: «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
21.10.2025, 13:18
Жамбылдық бағбан цитрус жемістерін жерсіндірген
21.10.2025, 13:15
Қазақстан бойынша «Береке Fest» акциясы өтіп жатыр
21.10.2025, 13:09
Маңғыстау облысындағы автожолдар сапасына бақылау күшейді
21.10.2025, 13:07
БҚО-да өрттің алдын алуға дабыл құрылғылары орнатылуда
21.10.2025, 13:05
Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 13:02
Қ.Тоқаев Әзербайжан президентін Ақордада қарсы алды
21.10.2025, 13:00