Қызылордада автосалонға алданғандар кассациялық сотқа жүгінді
Қызылордада жалған автосалонға алданған тұрғындар бір жылдан бері соттасып, заңды мүліктерін қайтара алмай әлек. Себебі көліктер қолдан қолға өтіп, бірнеше адамға сатылып кеткен.
Даулы іс бойынша жәбірленушілердің талап-арызымен бастапқыда қалалық сот көліктерді бірінші иелеріне қайтаруға шешім шығарған. Бірақ прокурорлардың наразылығымен іс облыстық сотта қайта қаралып, алғашқы шешімнің күші жойылған. Алаяқтарға алданып қалған тұрғындар бұл оқиғада тергеу процесі дұрыс жүргізілмегенін алға тартып, әділдік іздеп кассациялық сотқа жүгінбек.
Руслан Мұсабаев, қала тұрғыны:
Негізі осы істің ішінде алыпсатар өзі екі-ақ адам. Екі адам арқылы бүкіл 18 көліктің бәрі таратылып кеткен. Сол алаяқтық істі облыстық сот солардың жағына шешіп тұр ғой. Нағыз жәбірленуші біздің құқығымыз сақталмай тұр.
Тоқтар Мырзамбетов, адвокат:
Тергеу ескермей тұрғаны, бұл жерде жәбірленуші болып кеткен азаматтар бар. Шын мәнінде олар жәбірленуші емес олар алыпсатарлар. Алыпсатарлардың жауапкершілігі шешілмей қалған. Олардың барлық мәмілелерін осы кезде біз даулаудамыз.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бауырлас елдің азаматтары мерекемен құттықтады
21.10.2025, 13:20

«Қайрат» – «Пафос»: «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
21.10.2025, 13:18
Жамбылдық бағбан цитрус жемістерін жерсіндірген
21.10.2025, 13:15
Қазақстан бойынша «Береке Fest» акциясы өтіп жатыр
21.10.2025, 13:09
Маңғыстау облысындағы автожолдар сапасына бақылау күшейді
21.10.2025, 13:07
БҚО-да өрттің алдын алуға дабыл құрылғылары орнатылуда
21.10.2025, 13:05
Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 13:02
Қ.Тоқаев Әзербайжан президентін Ақордада қарсы алды
21.10.2025, 13:00