Қазақстанда әлеуеті жоғары 38 жаңа кен орны анықталды
Былтырдан бері елімізде кең көлемді геологиялық барлау жүргізіліп, әлеуеті жоғары 38 учаске анықталды. Оның ең ірісі – Қарағанды облысындағы Құйрықтыкөл кен орны. Мұнда жер асты металдарының қоры 28,2 млн тонна болуы мүмкін деген болжам бар. Бұл дерек бүгін Астанада өткен үкіметаралық геологиялық кеңестің 28-ші сессиясында жарияланды. Жиынға Қазақстанмен бірге Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан делегациялары қатысты. Отырыста саланың өзекті мәселелері көтеріліп, ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Сондай-ақ барлау жұмыстарының қорытындысы мен алдағы жоспарлар нақтыланды.
Қанат Ерубаев, ӨҚМ геология комитеті төрағасының орынбасары:
Заманауи цифрлық картаға көшіп жатырмыз. Ол үшін біз 50 мыңдық масштабтағы карта әзірлеуге көштік. Бұл екінші буын карталары. Оған биыл 240 млн теңге бөлінді. Қазір 20 учаскеге арналған жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленіп жатыр. Жалпы қамтылатын аумақ 100 шаршы шақырым. Яғни әр өңірден 4 учаске болады. Жалпы инфрақұрылымдарды жаңартуға келер жылы 52 млрд теңге бөлу жоспарланған.
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Барселонада автобустар Димаштың концерттік плакаттарымен безендірілген
22.10.2025, 10:16

Шымкентте Республика күніне орай ерекше челлендж өтті
22.10.2025, 10:12
Өзбекстан импорт көлемін арттыруға мүдделі
22.10.2025, 10:10
Ресейдің 35 мың еңбек мигранты депортацияланды
22.10.2025, 10:08
Трамп пен Путин жақын арада кездеспейді
22.10.2025, 10:06
2026 жылдың қаңтарынан бастап салық төлеу ережелері өзгереді
22.10.2025, 10:03
Астанада Мәжілістің жалпы отырысы басталды
22.10.2025, 10:00
«Қайрат» пен «Пафос» тең түсті: Алғашқы ұпай – қоржында
22.10.2025, 10:00