Қорғаныс министрлігі «MyArmy.kz» порталын іске қосты
Болашақ сарбаздар енді әскери бөлімді онлайн таңдай алады. Қорғаныс министрлігі MyArmy.kz атты жаңа порталдың іске қосылғанын хабарлады. Бұл жүйе арқылы болашақ сарбаздар мен келісімшарт негізіндегі қызметке үйден шықпай-ақ тіркеліп, құжат тапсыруға болады. Әр өтінімге онлайн-статус беріліп, медициналық комиссиядан өту үшін қажетті құжаттар мен нақты нұсқаулық көрсетіледі. Жаңа портал әскерге шақыру процесін жеңілдетіп қана қоймай, оны ашық әрі түсінікті етуді көздейді. Сондай-ақ жас сарбаз әскери бөлімді таңдауға мүмкіндік алады. Жоба пилоттық түрде Алматы облысындағы әскери бөлімде сынақтан өтіп жатыр. Сәтті жүзеге асса, жүйе бүкіл ел бойынша қолданысқа енгізіледі.
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Барселонада автобустар Димаштың концерттік плакаттарымен безендірілген
22.10.2025, 10:16
Шымкентте Республика күніне орай ерекше челлендж өтті
22.10.2025, 10:12
Өзбекстан импорт көлемін арттыруға мүдделі
22.10.2025, 10:10
Ресейдің 35 мың еңбек мигранты депортацияланды
22.10.2025, 10:08
Трамп пен Путин жақын арада кездеспейді
22.10.2025, 10:06
2026 жылдың қаңтарынан бастап салық төлеу ережелері өзгереді
22.10.2025, 10:03
Астанада Мәжілістің жалпы отырысы басталды
22.10.2025, 10:00
«Қайрат» пен «Пафос» тең түсті: Алғашқы ұпай – қоржында
22.10.2025, 10:00