Жетісу облысындағы колледждерде 14 жаңа мамандық ашылды
Жұмысшы мамандықтар жылында Жетісу облысының кәсіптік білім беретін оқу орындарында студенттер 14 жаңа мамандықты игереді. Өңірдегі 27 колледжде ауылшаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, туризм индустриясы, ақпараттық технологиялар мен энергетика саласына қажетті мамандар даярлайды. Солардың бірі Талдықорған жоғары политехникалық колледжі. Білім ошағы Оңтүстік Корея, АҚШ және Қытай елдерімен серіктестік орнатқан. Нәтижесінде студенттер IT, дизайн, электроника, робототехника бойынша тереңдетілген білім алуда. Сондай-ақ биылғы оқу жылынан бастап дрон операторы мамандығы оқытылып жатыр.
Шыңғыс Нұрғожаев, политехникалық колледж директоры:
Биылғы жылда жаңа мамандықтар ашылды. Қазіргі таңда жаңа мехатроника мамандығы ашылып, базамыз жаңартылып жатыр. Үлкен қазақстандық компаниялармен келісім жүргізіп жатырмыз. Одан бөлек Қытайдың үздік оқу орындарының үшеуімен келіссөз жүргізіп меморандумға қол қойдық.
Автор
Дамир Нұрмұхамет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бауырлас елдің азаматтары мерекемен құттықтады
21.10.2025, 13:20

«Қайрат» – «Пафос»: «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
21.10.2025, 13:18
Жамбылдық бағбан цитрус жемістерін жерсіндірген
21.10.2025, 13:15
Қазақстан бойынша «Береке Fest» акциясы өтіп жатыр
21.10.2025, 13:09
Маңғыстау облысындағы автожолдар сапасына бақылау күшейді
21.10.2025, 13:07
БҚО-да өрттің алдын алуға дабыл құрылғылары орнатылуда
21.10.2025, 13:05
Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 13:02
Қ.Тоқаев Әзербайжан президентін Ақордада қарсы алды
21.10.2025, 13:00