Алтынның қымбаттауы теңгенің тұрақтауына әсер етуі мүмкін
Алтынның бағасы жыл сайын арта береді. Экономист Мұхамеджан Құлжабай осылай деп болжап отыр. Маманның айтуынша, құнды металдың бағасы жыл соңына дейін 4 мың долларға сатылуы мүмкін. Ал екі жылдың ішінде алтынның құны шамамен бес мың долларға дейін өсуі ықтимал. Экономист бағаның осылай шарықтауы ел экономикасына оң әсерін тигізеді деп есептейді.
Мұхамеджан Құлжабай, экономист:
Қазақстан алтын қоры бойынша алдыңғы қатардағы елдерге кіреді. Сондықтан алтын бағасының қымбаттауы – халықаралық алтын-валюта резервтерінің құнын арттыратын маңызды фактор. Бұл резервтер жыл сайын едәуір өсіп келеді. Сол себепті алтынның қымбаттауы теңге мен доллар бағамына да ықпал етіп, алтын-валюта қорының артуы арқылы девальвация қаупін азайтуы мүмкін.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Барселонада автобустар Димаштың концерттік плакаттарымен безендірілген
22.10.2025, 10:16

Шымкентте Республика күніне орай ерекше челлендж өтті
22.10.2025, 10:12
Өзбекстан импорт көлемін арттыруға мүдделі
22.10.2025, 10:10
Ресейдің 35 мың еңбек мигранты депортацияланды
22.10.2025, 10:08
Трамп пен Путин жақын арада кездеспейді
22.10.2025, 10:06
2026 жылдың қаңтарынан бастап салық төлеу ережелері өзгереді
22.10.2025, 10:03
Астанада Мәжілістің жалпы отырысы басталды
22.10.2025, 10:00
«Қайрат» пен «Пафос» тең түсті: Алғашқы ұпай – қоржында
22.10.2025, 10:00