Тараз жастары тазалық жұмыстарына қатысты
Жамбылда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда. Бүгін тараздық жастар «Саңырақ батыр» көшесінің бойында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Облыс бойынша наурыз айынан басталған көктемгі абаттандыру жұмыстары аясында «Таза қала», «Таза кәсіп – таза аймақ», «Жасыл қала», «Болашақты бірге отырғызамыз», «Жер сағаты» және т.б. акциялары өткізілуде. Мәселен, бүгін өткен экологиялық акцияға 50-ге тарта жас белсенді қатысты. Олар Мөлтек аудандардағы көше бойын түрлі пластик заттардан, қоқыстардан тазалады. «Саңырақ батыр» көшесінің бойындағы жаяужолды сыпырып, жапырақтарды жинады.
Айбек Қадыралиев, Жастар ресурстық орталығының директоры:
Күзгі жұмыстар да өз кезегімен бастау алды, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында басталды. Биылғы жастар өзінің қаламыздағы неше түрлі «Тазалық - табалдырықтан басталады» жобалары арқылы өз үлесін тазалыққа қосу бағытында жұмыстарын істеп жатыр. Дәл қазір Тараз қаласындағы Саңырақ батыр көшесін толық тазарту жұмыстарын жамбылдық, тараздық, волонтер жастар жұмыстарды бастап, әрі қарай жалғастыруда.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Салық төлеу ережелері өзгереді
22.10.2025, 20:40

Сарапшы: Бюджетке сыртқы экономикалық ахуал әсер етпеуі тиіс
22.10.2025, 20:36
Ауыл шаруашылығы техникасы арзандауы мүмкін
22.10.2025, 20:27
Сыртқы істер министрі Ресейге ресми сапармен барды
22.10.2025, 20:26
Ақтөбе облысында 280 шақырым жол жөнделеді
22.10.2025, 20:20
Елде 200 мыңнан астам жұмыс орны бос
22.10.2025, 20:20
Талдықорғандағы «ҚАЙНАР» аккумулятор зауытында жаңа желі іске қосылды
22.10.2025, 20:14
Маңғыстау облысында мереке қарсаңында маңызды екі нысан іске қосылды
22.10.2025, 20:13