Басты Жаңалықтар Маңғыстау облысында мереке қарсаңында маңызды екі нысан іске қосылды

Маңғыстау облысында мереке қарсаңында маңызды екі нысан іске қосылды

Маңғыстауда Республика күні қарсаңында екі бірдей маңызды нысан іске қосылды. Оның бірі – «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған 900 орындық білім ордасы. Ал екіншісі – Қазақстанда теңдесі жоқ, иновациялық құбырлар өндіретін зауытта қос цех жұмысын бастады. Аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай бұл жобалардың аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беретініне сенім білдірді.
«Келешектің мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған білім ордасы Мұнайлы ауданы Айрақты ауылында ашылды. Соның арқасында ауданда үш ауысыммен оқу айтарлықтай азайған. Заманауи ғимаратта 900 бала білім алуда.
Нұрдәулет Қилыбай, облыс әкімі:

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бүгін тағы да бір білім ордасы Мұнайлы ауданында. Іші жабдықтармен жасақталған. Сол себептен бұл мектептен жақсы түлек шықпауы мүмкін емес. Дәл осы мектептің ашылуының символы бөлек болып тұр. Себебі мемлекеттік ұлы мерекеміз - Республика күні қарсаңында ашылып жатыр.
Ал «Жаңа құбыр технологиясы» зауытында ішкі оқшаулау цехы мен құбырлар өндіретін екі бірдей цех іске қосылды. Елімізде баламасы жоқ жобаларға - 8,5 млрд теңге инвестиция жұмсалған.
Руслан Бозахаров,  «Жаңа құбыр технологиясы» ЖШС бас директорының орынбасары:
Президенттің жарлығы бойынша импортты алмастыру, жергілікті өндірістерді дамыту деген ықпалы есебінде біз осы цехты аштық. Диаметрі 80-нен 250-ге дейін құбыр шығарамыз. Бұл құбырдың ерекшелігі – бұл қосылғысыз және біртұтас құбыр шығады. Бұл құбырлар мұнай саласында және ЖКХ шаруашылығында және шахталарда пайдалануға болады.

Инновациялық құбырларды 20-25 жыл пайдалануға болады, өте төзімді. Зауыт жыл соңына дейін тағы бір цехті іске қоспақ. Осылайша мұнай-газ саласына қажет құбырлар толығымен өзімізде өндірілмек.

Бөлісу