Ақтөбе облысында 280 шақырым жол жөнделеді
Биыл Ақтөбе облысында 280 шақырым жол жөнделеді. Осы уақытқа дейін оның үштен бірі қолданысқа берілді. Ал бүгін республикалық маңыздағы Ақтөбе-Мәртөк-Ресей федерациясы шекарасына дейінгі автомобиль жолын жаңғырту жұмыстары толықтай аяқталды.
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойындағы 100 шақырымдық бұл жол осыдан 13 жыл бұрын салынған еді. Содан бері жөндеу көрген жоқ. Арнайы жүргізілген сараптама жұмыстарынан кейін оның 34 километрін қайта жаңғыртуға шешім қабылданды. Мамандардың айтуынша, жұмыс сапалы орындалған. Бұл жолмен тәулігіне 8 мыңға жуық көлік жүреді.
Нұрдәулет Түменов, «ЖАСҰО» облыстық филиалының инженері:
Жолдың ені мен асфальт-бетон қоспасының қалыңдығы тексерілді. 53 сынама алынды. Зертханалық тексеріс барысында оның барлығы талапқа сай болып шықты. Ал ұсақ-түйек кемшіліктерді мердігер мекеме дер кезінде жойды. Жол белгілері де ережеге сай қойылған.Жұмыс белгіленген уақытта аяқталды. Жоба құны 2 млрд 300 млн теңге. Жалпы, биыл облыс аумағындағы он төрт жол учаскесіне жөндеу жүргізілді. Бір ай бұрын «Шалқар-Бершүгір» тасжолының 60 шақырымы қолданысқа берілген болатын.
Ринат Оразғалиев, «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» облыстық филиалы директорының орынбасары:
Жылдың аяғына дейін Қандыағаш пен Ізімбет аралығындағы 50 шақырымды тапсыру жоспарланып отыр. Ақтөбе мен Орск аралығында 96 шақырым жоспарланып отыр және бізде Қарабұтақ-Комсомол-Қостанай шекарасына дейінгі 40 шақырым қарастырылған. Осылар жоспарда. Барлығы 280 шақырымнан 94 шақырымы тапсырылды.Жол құрылысына жауаптылар биылға жоспарланған жұмыстар жыл соңына дейін толықтай аяқталады деп отыр. Ал Ақтөбе мен Ресей шекарасына дейінгі автомобиль жолының қалған бөлігі келесі жылы жөнделеді.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Салық төлеу ережелері өзгереді
22.10.2025, 20:40

Сарапшы: Бюджетке сыртқы экономикалық ахуал әсер етпеуі тиіс
22.10.2025, 20:36
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
22.10.2025, 20:30
Талдықорғандағы «Қайнар» аккумулятор зауытында жаңа желі іске қосылды
22.10.2025, 20:29
Ауыл шаруашылығы техникасы арзандауы мүмкін
22.10.2025, 20:27
Сыртқы істер министрі Ресейге ресми сапармен барды
22.10.2025, 20:26
Республика күніне орай елордалық оқушылар «Атамекен» әнін шырқады
22.10.2025, 20:25
Маңғыстау облысында мереке қарсаңында маңызды екі нысан іске қосылды
22.10.2025, 20:24