Ақмола диқандары 1 млн тоннадан астам астық бастырып үлгерді
Ақмолалық диқандар орақ науқаны басталғалы 1 млн тоннадан астам астық бастырып үлгерді. Өнімділігі 13,2 центнер. Былтыр рекордтық көлемде астық жинаған ақмолалық диқандар биыл да мол өнімнен үмітті. Мемлекеттік қолдаудың арқасында шамамен 7 млн тоннаға жуық астық жинаймыз деп отыр. Үкіметтен бөлінген 12 миллиард теңге қаржы минералды тыңайтқыштарды субсидиялауға бағытталған. Сөйтіп шаруалар шығынның 60 пайызын өтеуге мүмкіндік алды. Осындай қолдауға ие болған Жақсы ауданындағы «Агрофирма ТНК» серіктестігі биылғы өнімділік өткен жылдан 30 пайызға жоғары болады деп болжап отыр.
Григорий Седов, шаруа:
Биыл өткен жылға қарағанда мол өнім жинаймыз деп үміттеніп отырмыз. Бидайымыздың сапасы да жақсы. Дәніндегі балауыз мөлшері шамамен 23-25 пайыз. Қазірдің өзінде өнімділік гектарынан 15 центнерді құрап отыр. Көрсеткіш жаман емес. Күн райы жақсы болса, осы айдың 3-онкүндігінде орақ науқанын толық аяқтаймыз.
Бибінұр Әмірханқызы
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бауырлас елдің азаматтары мерекемен құттықтады
21.10.2025, 13:20

«Қайрат» – «Пафос»: «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
21.10.2025, 13:18
Жамбылдық бағбан цитрус жемістерін жерсіндірген
21.10.2025, 13:15
Қазақстан бойынша «Береке Fest» акциясы өтіп жатыр
21.10.2025, 13:09
Маңғыстау облысындағы автожолдар сапасына бақылау күшейді
21.10.2025, 13:07
БҚО-да өрттің алдын алуға дабыл құрылғылары орнатылуда
21.10.2025, 13:05
Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 13:02
Қ.Тоқаев Әзербайжан президентін Ақордада қарсы алды
21.10.2025, 13:00