7 айда 176 бала көлік апатынан қайтыс болған
7 айда көлік апаттарынан 176 бала қайтыс болған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Әкімшілік полиция комитеті басшысының сөзінше, көп жағдайда көлік ішінде балаларға арналған қауіпсіздік құрылғылары яғни автокресло, адаптерлер, сондай-ақ қауіпсіздік белдіктерін қолданбаудың салдарынан осындай қайғылы жағдайлар тіркеледі. Жолды кез келген жерден кесіп өту, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кету де жиі тіркеледі екен. Сондықтан түсіндіру жұмыстары күшейтіліп жатыр.
Қайсар Сұлтанбаев, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы:
25 тамыздан бастап еліміздегі балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Абайлаңыз, балалар!» акциясы басталып кетті. Бұл шара қыркүйектің 10-на дейін жалғасады. Шара барысында Қазақстанның барлық аумақтық бөлімдері мен құқықтық ағарту жұмысы белсенді түрде жүргізіледі.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда туризм саласындағы әйелдердің рөлі талқыланды
22.10.2025, 17:35

Көкшетау ұлттық табиғи паркінде соңғы 5 жылда бірде-бір өрт тіркелмеген
22.10.2025, 17:32
«Таза Қазақстан»: Шортанды кентінде 80 түп көшет екті
22.10.2025, 17:30
Талдықорғанда жаңа демалыс алаңы ел игілігіне берілді
22.10.2025, 17:28
Астаналық оқушылар «Атамекен» әнін орындады
22.10.2025, 17:23
Еліміздегі ғалымдардың 47 пайызы жастар
22.10.2025, 17:21
Ұлытау облысында «Отбасылық ферма» жобасы бойынша арзан несие берілді
22.10.2025, 17:18
Жамбыл облысында есек қаптап кетті
22.10.2025, 17:15