Астанада зейнеткерлерге арналған киберқауіпке қарсы семинар өтті
Алаяқтықтардан қалай сақтануға болады? Бүгін осындай тақырыппен Астанада Қаржы мониторингі агенттігі, Ішкі істер министрлігімен және «AMANAT» партиясы бірігіп зейнеткерлерге арнайы семинар өткізді. Шара барысында алаяқтық пен киберқауіп, ықтимал қауіп-қатерлер талқыланды. Агенттік жүргізген талдау бойынша, әсіресе қарттар арасында алаяқтарға алдану дерегі көбейген. Сондықтан семинарда мемлекеттік орган өкілдері құқықтық кеңес беру үшін азаматтарды қабылдау ұйымдастырды.
Андрей Давыдов, Қаржылық мониторинг агенттігі департамент басшысының орынбасары:
Бүгінгі шарамызға мыңнан аса адам қатысты. Кеңінен ақпараттандыру мақсатында семинар YouTube платформасында да тікелей эфирде көрсетілді. Киберқылмыстың себебімен ғана емес, салдарымен күрес те аса маңызды. Алдағы уақытта зейнеткерлер үшін мұндай семинарларды ел бойынша ұйымдастырамыз.
Дархан Рахымжан
Автор
Дархан Рахымжан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда туризм саласындағы әйелдердің рөлі талқыланды
22.10.2025, 17:35

Көкшетау ұлттық табиғи паркінде соңғы 5 жылда бірде-бір өрт тіркелмеген
22.10.2025, 17:32
«Таза Қазақстан»: Шортанды кентінде 80 түп көшет екті
22.10.2025, 17:30
Талдықорғанда жаңа демалыс алаңы ел игілігіне берілді
22.10.2025, 17:28
Астаналық оқушылар «Атамекен» әнін орындады
22.10.2025, 17:23
Еліміздегі ғалымдардың 47 пайызы жастар
22.10.2025, 17:21
Ұлытау облысында «Отбасылық ферма» жобасы бойынша арзан несие берілді
22.10.2025, 17:18
Жамбыл облысында есек қаптап кетті
22.10.2025, 17:15