Атырау мен Талдықорғанда 157 отбасы баспаналы болды
Наурыз мерекесінің онкүндігі аясында «Шаңырақ» күні қарсаңында Атырауда 97 отбасы баспаналы болды. Қала орталығында орналасқан су жаңа екі тұрғын үй кешенінен 19 пәтер балалар үйінің түлектеріне, тағы 32-сі көпбалалы отбасыларға, 46-сы әлеуметтік осал топтағы азаматтарға бұйырды. Пәтер кілтін қала әкімі табыстап тұрғындарды құттықтады.
Ләззат Жайлыбаева, қала тұрғыны:
Мен үшін бүгін - қуанышты күн. 14 жылдан бері күтіп, үйлі болып жатырмын. Бізге тұрғын үй беріп жатқан қала, облыс басшыларына алғыс айтамын. Мұқтаж жандардың бәріне осындай үй бұйырсын деп тілеймін.
Ал Талдықорғанда «Шаңырақ» күнінде 60 отбасы баспаналы болды. Биыл облыс орталығында 1 500-ге жуық отбасы баспаналы болады деп күтілуде. Бұған қоса биыл 14 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, 1 041 пәтер, 257 коттедж салынады және әлеуметтік осал топтағы азаматтар үшін 150 пәтер сатып алынады.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бауырлас елдің азаматтары мерекемен құттықтады
21.10.2025, 13:20

«Қайрат» – «Пафос»: «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
21.10.2025, 13:18
Жамбылдық бағбан цитрус жемістерін жерсіндірген
21.10.2025, 13:15
Қазақстан бойынша «Береке Fest» акциясы өтіп жатыр
21.10.2025, 13:09
Маңғыстау облысындағы автожолдар сапасына бақылау күшейді
21.10.2025, 13:07
БҚО-да өрттің алдын алуға дабыл құрылғылары орнатылуда
21.10.2025, 13:05
Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 13:02
Қ.Тоқаев Әзербайжан президентін Ақордада қарсы алды
21.10.2025, 13:00