Қостанай облысында 100-ге жуық адам қар құрсауынан құтқарылды
Қостанай облысында ауа райының нашарлауынан жолда қалған жүзге жуық адам құтқарылды. Амангелді ауданындағы Амантоғай ауылынан 22 шақырым жерде төтенше жағдай қызметкерлері 98 адамды, оның ішінде 18 баланы қауіпсіз жерге жеткізді. Қарға батқан 8 жеңіл автомобиль жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарылды. Ал Сарыкөл ауданында Соналы ауылынан 5 шақырым жерде екі адам мінген жеңіл автокөлік жолда қалған. Оларға да құтқарушылар көмек көрсетті. Жолда қалғандар ішінде медициналық көмекке жүгінгендер жоқ.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бауырлас елдің азаматтары мерекемен құттықтады
21.10.2025, 13:20

«Қайрат» – «Пафос»: «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
21.10.2025, 13:18
Жамбылдық бағбан цитрус жемістерін жерсіндірген
21.10.2025, 13:15
Қазақстан бойынша «Береке Fest» акциясы өтіп жатыр
21.10.2025, 13:09
Маңғыстау облысындағы автожолдар сапасына бақылау күшейді
21.10.2025, 13:07
БҚО-да өрттің алдын алуға дабыл құрылғылары орнатылуда
21.10.2025, 13:05
Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 13:02
Қ.Тоқаев Әзербайжан президентін Ақордада қарсы алды
21.10.2025, 13:00