Қостанай облысында 1 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды
Қостанай облысында 3 жылда 1 миллион гектарға жуық жер телімі қайтарылды. Мұның бәрі ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланатын алқаптар. Жерді қайтару 3 түрлі тәсілмен жүзеге асады. Телімді рәсімдеу кезінде заң талаптары сақталмаса, кәсіпкер кәдеге жарата алмай өз еркімен бас тартса және сот шешімімен тәркіленеді. Екі жыл ішінде 366 мың гектар егістік пен жайылымды шаруалар игере алмай, қайтарып берген. Ал 33 мың гектар алқапты рәсімдегенде жергілікті әкімдіктердің заң талаптарын бұзғаны анықталды. 83 мың гектар алқап сот арқылы тәркіленген. Сот шешімі бойынша қайтарылған жерлердің көбі қаржы институттарына кепілге қойылыпты.
Әсел Табергенова, Жер ресурстарын басқару депаратаменті басшысының міндетін атқарушы:
Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші ұзақ мерзімге жалға алса да жер учаскесі мемлекеттікі саналады. Сондықтан ол кепілге қойса да тәркіленеді. Бізде жерді жалға алушы сотта үшінші тұлға ретінде қатысады. Соттың шешіміне шағымдануға құқы бар.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бауырлас елдің азаматтары мерекемен құттықтады
21.10.2025, 13:20

«Қайрат» – «Пафос»: «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
21.10.2025, 13:18
Жамбылдық бағбан цитрус жемістерін жерсіндірген
21.10.2025, 13:15
Қазақстан бойынша «Береке Fest» акциясы өтіп жатыр
21.10.2025, 13:09
Маңғыстау облысындағы автожолдар сапасына бақылау күшейді
21.10.2025, 13:07
БҚО-да өрттің алдын алуға дабыл құрылғылары орнатылуда
21.10.2025, 13:05
Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 13:02
Қ.Тоқаев Әзербайжан президентін Ақордада қарсы алды
21.10.2025, 13:00