Қостанай облысында майнерлердің заңсыз әрекеті әшкереленді
Қостанай облысының Рудный қаласында майнерлердің заңсыз әрекеті әшкереленді. Олар биткоиндарды лицензиясыз пайдаланған. Жергілікті электр желілеріне шамадан тыс жүктеме түсірген. Мысалы бір жыл ішінде олар пайдаланған энергияның қуаты 27 орта мектеп пен 13 аурухананы қамтуға жетеді. Осы заңсыздықты анықтаған қаржы мониторингі агенттігі 150 майнинг құрылғысы мен басқа да техника түрлерін тәркіледі. Сонымен қатар криптобиржадағы аккаунттары мен заңсыз жолмен табылған қаржының қандай есепшоттарға жіберілгенін де анықтады. Алдын ала болжам бойынша, майнерлердің табысы 100 млн теңгеден асқан. Жалпы биыл Қостанай облысында сандық активтердің заңсыз айналымына қатысты 7 сот үкімі шыққан.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда туризм саласындағы әйелдердің рөлі талқыланды
22.10.2025, 17:35

Көкшетау ұлттық табиғи паркінде соңғы 5 жылда бірде-бір өрт тіркелмеген
22.10.2025, 17:32
«Таза Қазақстан»: Шортанды кентінде 80 түп көшет екті
22.10.2025, 17:30
Талдықорғанда жаңа демалыс алаңы ел игілігіне берілді
22.10.2025, 17:28
Астаналық оқушылар «Атамекен» әнін орындады
22.10.2025, 17:23
Еліміздегі ғалымдардың 47 пайызы жастар
22.10.2025, 17:21
Ұлытау облысында «Отбасылық ферма» жобасы бойынша арзан несие берілді
22.10.2025, 17:18
Жамбыл облысында есек қаптап кетті
22.10.2025, 17:15