Қостанайда машина жасау саласында мамандарға сұраныс жоғары
Қостанай облысына жыл сайын екі мыңнан астам жұмысшы маман қажет. Әсіресе өңірде машина жасау саласының қарқынды дамуы техникалық мамандықтарға сұранысты арттырды. Мысалы бір ғана автозауытта биыл қосымша 250-300 жұмыс орны ашылмақ. Ауылшараушылық техникасын құрастырып, қосалқы бөлшектерін шығаратын оқшаулау орталығы да өндірісті кеңейтуді жоспарлап отыр. Сондықтан мемлекет басшысының техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалап, еңбек адамының мәртебесін көтеру қажет деген ойы өндірістегі кадр мәселесін шешуге оң ықпал етеді дейді мамандар.
Динара Шөкіжанова, зауыт президенті:
Жолдауда мемлекет басшысы ел дамуының маңызды бағыттардың бірі инвестиция тартып, өнеркәсіпті өркендету екендігін атап өтті. Біз сол машина жасау өндірісін жергілікті жерде дамытуға ерекше маңыз беріп келеміз. Жақында Берлиннен оралдым. Ол жақта ірі әлемдік бренд саналатын дән сепкіш кешенін бізде шығару жөнінде келісімге келдік.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда туризм саласындағы әйелдердің рөлі талқыланды
22.10.2025, 17:35

Көкшетау ұлттық табиғи паркінде соңғы 5 жылда бірде-бір өрт тіркелмеген
22.10.2025, 17:32
«Таза Қазақстан»: Шортанды кентінде 80 түп көшет екті
22.10.2025, 17:30
Талдықорғанда жаңа демалыс алаңы ел игілігіне берілді
22.10.2025, 17:28
Астаналық оқушылар «Атамекен» әнін орындады
22.10.2025, 17:23
Еліміздегі ғалымдардың 47 пайызы жастар
22.10.2025, 17:21
Ұлытау облысында «Отбасылық ферма» жобасы бойынша арзан несие берілді
22.10.2025, 17:18
Жамбыл облысында есек қаптап кетті
22.10.2025, 17:15