Елордалықтар Леонардо Да Винчидің La Bella Principessa картинасын 4 тамызға дейін тамашалай алады
Леонардо Да Винчидің ең жұмбақ және құнды жауһарларының бірі - La Bella Principessa картинасын астаналықтар 4-ші тамызға дейін тамашалай алады. Бұл - Италиялық ұлы суретшінің XV ғасырдың аяғында салған бұл еңбегі пергаменттегі жалғыз туындысы болып табылады. Онда ақсүйектер отбасынан шыққан Бьянка Джованна Сфорцаның портреті бейнеленген. Бірегей шараға Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Италия елшілігінің өкілдері қатысты. Ұлттық музейдегі тарихи көрме, келушілер үшін екі айға жалғасады.
Марко Альберти, Қазақстандағы Италияның Төтенше және өкілетті Елшісі:
Италияның ұлы суретшісі жауһарларының бірі Астанаға әкелініп, көрмеге қойылуы - елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың бірегей мүмкіндігі. Бұл біз үшін ең құнды өнер туындысы болып саналады. Портрет бұған дейін тек бес елге ғана апарылған. Қазақстандықтар Леонардо да Винчидің туындысымен танысудан шынайы ләззат пен баға жетпес әсер алатынына сенімдіміз.
Ақмаржан Ғафизқызы
Автор
Ақмаржан Ғафизқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда туризм саласындағы әйелдердің рөлі талқыланды
22.10.2025, 17:35

Көкшетау ұлттық табиғи паркінде соңғы 5 жылда бірде-бір өрт тіркелмеген
22.10.2025, 17:32
«Таза Қазақстан»: Шортанды кентінде 80 түп көшет екті
22.10.2025, 17:30
Талдықорғанда жаңа демалыс алаңы ел игілігіне берілді
22.10.2025, 17:28
Астаналық оқушылар «Атамекен» әнін орындады
22.10.2025, 17:23
Еліміздегі ғалымдардың 47 пайызы жастар
22.10.2025, 17:21
Ұлытау облысында «Отбасылық ферма» жобасы бойынша арзан несие берілді
22.10.2025, 17:18
Жамбыл облысында есек қаптап кетті
22.10.2025, 17:15