Қостанай облысында су басқан көпір қайта ашылды
Қостанай облысында су басқан көпір қайта ашылды. Қазір өңірде арнайы комиссия құрылып, тасқын салдарынан зақым келген жолдар тексеріліп жатыр.
Ақерке Бектас, тілші:
Біз қазір Қостанайдағы Қостанай - Жақсы, Қарабұтақ-Қостанай автожолының бойында тұрмыз.
Бір апта бұрын су шайып, жарық бағанасы қирап, жаяу жүргіншілер жолының іргетасы жарылған еді. Ал асфальтта бетон беті көтерілген. Соның салдарыанан өткен аптада көпірден өтетін жол жабылған. Екі күннен бері мұнда мамандар жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Андрей Горват, «Қазавтожол» ҰК Қостанай филиалының директоры:
Тобылдан өте көп мөлшерде су келді. Ал бұл көпір секундына 4260 текше метрге есептелген. Қатты зардап келмегенімен жолдың негізгі қабатына су кірді.
Рафис Зинетов, «Жол Активтері сапасының ұлттық орталығы» қостанай облысы бойынша филиалының басшысы:
6 күндей бұл жолды биіктігі 1,5 метрден асатын су басып жатқан соң оның негізгі бөлігі әбден ылғалданды. Сол үшін де әзірге тек жеңіл автомобильдердің жүруіне рұқсат бердік.
Ақерке Бектас, тілші:
Жүк көлігі үшін көпір келесі аптада ашылатынын айта кету керек. Жол ауыр техниканың жүруіне қауіпсіз болуы тиіс деп түсіндірді мамандар.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Барселонада автобустар Димаштың концерттік плакаттарымен безендірілген
22.10.2025, 10:16

Шымкентте Республика күніне орай ерекше челлендж өтті
22.10.2025, 10:12
Өзбекстан импорт көлемін арттыруға мүдделі
22.10.2025, 10:10
Ресейдің 35 мың еңбек мигранты депортацияланды
22.10.2025, 10:08
Трамп пен Путин жақын арада кездеспейді
22.10.2025, 10:06
2026 жылдың қаңтарынан бастап салық төлеу ережелері өзгереді
22.10.2025, 10:03
Астанада Мәжілістің жалпы отырысы басталды
22.10.2025, 10:00
«Қайрат» пен «Пафос» тең түсті: Алғашқы ұпай – қоржында
22.10.2025, 10:00