Халқымыздың 5 пайызы букмекерлік кеңселердің тұрақты қонағына айналған
Осы апта басында футболдан чемпиондар лигасының ширек финалы басталды. Дүбірлі додада әлемнің азулы командалары бақ сынасып жатыр. Миллиондаған футбол жанкүйері түн ұйқысын қиып, сүйікті командаларына қолдау көрсетіп бақты. Сарапшылар кездесудің тартысты болатынын, кім жеңетінін болжап, жорамал жасап жатыр.
Букмекерлер де бұл мүмкіндікті мүлт жібермей, жанкүйерлерге ақша тігіп, үлкен олжаға ие болуды ұсынып отыр. Алайда, бұл бәс тігу ме, бас тігу ме? Деректерге қарағанда, ел тұрғындарының шамамен 5 пайызы букмекерлік кеңселердің тұрақты қонағына айналған екен. Олардың ішінде құмарлықтың құрбаны болып, өмірін құрдымға құлдилатып жатқандар аз емес. Альбина Әшімнің репортажы.
Автор
Альбина Әшім
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04