Мемлекеттік сатып алуда жемқорлық өршіп тұр
Әр төртінші жемқорлық қылмыс мемлекеттік сатып алу саласында жасалады. Бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев осы саладағы шикіліктерді айтты.
Жыл басынан бері мемлекеттік сатып алу саласында 73 жемқорлық қылмыс тіркеліп, оның 20-дан астамы сотқа жіберілген. Ал, «бармақ басты, көз қысты» әрекеті әшкереленіп сотталғандар былтырғымен салыстырғанда 40%-ға көбейген.
Жемқорлық фактілері көбінесе тендерді бөлу, келісімшарт жасау, орындалған жұмыстардың актісіне қол қою кезінде болады. «Мемлекеттік сатып алу саласын түбегейлі реформалау керек», деген Алик Шпекбаев оның тетіктерін де атап көрсетті.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ
Автор
Армангүл Тоқтамұрат
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04