Семей көшелері көктайғаққа айналды
Семейде күн күрт жылып, жауған қардың соңы жаңбырға ұласты. Соның салдарынан қар еріп, қала көшелері көлге, жолдар көктайғаққа айналды.
Көлік қозғалысы қиындап, жаяу жүргіншілерге қолайсыздық тудырды.
Көктайғаққа байланысты шығыс өңірде бірнеше қалааралық тасжолдар жабылып, мектептерде сабақ тоқтатылды.
Төтенше жағдай қызметінің мамандары тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақыруда.
Дмитрий Алябьев, Семей қалалық ТЖБ бөлім жетекшісі:
Қазір қауіпті аумақтарда төтенше жағдайлар қызметінің мамандары мониторинг жүргізуде. Су басу қаупі бар деген жерлер бақылауда. Әсіресе, Ертіс өзенінің жағалауын назарда ұстаудамыз. Қала көшелері көктайғақ. Түске дейін сынық-жарақат бөліміне бес адам түскен.
Ержан ЖАҚЫП
Автор
Ержан Жақып
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04