Тірі туған баланы көмуге берген
Дәрігерлер жаңа туған нәрестені өлді деп есептеп, ата-анасына жерлеуге берген. Оқиға Қостанай облысындағы Меңдіқара ауданында болды. Салмағы 960 грамдық қыз бала мезгілінен бұрын дүниеге келіпті.
Ешқандай тіршілік белгісі болмағандықтан медицина қызметкерлері оны өлдіге санап, қағаз қорапқа салып әкесіне береді. Баланың тірі екені арада бірнеше сағат өткенде, үйге келгесін анықталады.
Дереу ауруханаға қайтып әкелгенімен дәрігерлер оны ажалдан арашалап қала алмады. Шақалақ үш күннен соң жан тапсырды. Қазір осы іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Гүлшат Байжұманова, Қостанай облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
Егер бала өлі туса, олар айтқандай, онда реанимациялық шаралар жасалмайды. Реанимациялық шаралар егер балада тіршілік белгісі болса ғана жасалады. Ұйымдастырушылық жұмысында, босанған әйелге емдеу-диагностика бойынша медициналық қызмет көрсетуде кемшіліктер болған. Әйелді босандырған акушерка жұмыстан шығарылды. Бас дәрігер мен оның орынбасары тәртіптік жауапқа тартылды.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04