Главная Новости БҚО-ға 165 жас маман барды

БҚО-ға 165 жас маман барды

Батыс Қазақстан облысында 161 дәрігер жетіспейді.

Осы мәселені шешу үшін жыл сайын жергілікті бюджеттен  грант бөлініп келеді. Мәселен, соңғы жылдары 389 грант бөлініп, жас мамандар ауыл-аймаққа қызметке барды. Оларға 8,5 млн теңге біржолғы өтемақы төленеді. Ал республикалық бюджеттен соңғы төрт жылда 959 грант бөлінген. Жалпы аймақта 1810 дәрігер, 6 мың жарымға жуық орта медицина қызметкері еңбек етеді. Биыл өңірге 165 жас маман келген. Олардың дені ауылдық жерге барып, науқастарға ем-дом көрсетіп жүр.

Ырысты Баштенова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:

64 маманға 391 млн теңге біржолғы өтемақы төленді. 2027 жылдан бастап медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының қызметкерлері жалақысына 40%-ға дейін көтеру жоспарлануда. Маңыздысы – еңбекақы көлемін арттыру ғана емес, білікті кадрларды қолдау және халыққа сапалы медициналық көмек көрсету.

Поделиться