Главная Новости ЕО жетекшілері 2028-2034 жылдардың бюджетін талқылады

ЕО жетекшілері 2028-2034 жылдардың бюджетін талқылады

Еуропа одағының лидерлері 2028-2034 жылдарға арналған бюджетін талқылады. Аймақ жетекшілері 1,6 трилллион еуролық жобаны желтоқсанның 31-не дейін қабылдауға үміттеніп отыр. Өйткені оған дейін үлгермесе,  Франция, Италия, Польша, Грекия, Эстония, Финляндия, Словакия тәрізді елдерде келесі жылы сайлау өтіп, билік ауысып, жаңа қаржылық құжатты мақұлдау қиынға соғуы мүмкін.

Аталған сомаға Украинаға 100 миллиард еуро көмек те кіреді. Бірақ кейбір мәліметтерге қарағанда, бұл қаражат Украинаның мұқтаждықтарын өтеуге жеткіліксіз. Сонымен қатар, Киевке одақтың қазіргі бюджетінен 45 миллиард еуро бөлу мәселесі де қарастырылып жатыр. Еурокомиссия президенті Урсула фон дер Ляйеннің мәлімдеуінше, бұл ұсынысты  блок мемлекеттерінің көбі қолдаған.

Поделиться