Главная Новости Жаңа вирус туралы жалған ақпарат тарады

Жаңа вирус туралы жалған ақпарат тарады

Қазақстанда белгісіз вирус тарап, соның салдарынан ауруханалар лық толып, мектептер қашықтан оқуға көшеді деген хабарлама – фейк. Бұдан бөлек, әлеуметтік желіде дене қызуын 40 градусқа дейін көтеретін жаңа инфекция пайда болғаны туралы да ақпарат тараған. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық жағдай қалыпты деңгейде екенін мәлімдеді. Соңғы аптада 133 мыңнан астам ЖРВИ фактісі тіркелген. Бұл өткен аптамен салыстырғанда 6,8 пайызға аз. Инфекциялық стационарлардағы орындар да жеткілікті. Мамандар тұрғындарды ақпаратты ресми дереккөздерден тексеріп, расталмаған хабарламаларды таратпауға шақырады.

Поделиться