Бескөл ауылдық емханасы заманауи медициналық жабдықтармен қамтылған
Солтүстік Қазақстандағы Бескөл ауылында 7 800 шаршы метр аумақты алып жатқан, 250 науқасқа арналған емхананың құрылысы жүріп жатыр. Бұл жобаға Ұлттық қордан 5 млрд теңге бөлінген. Құрылысы қазан айында басталған ғимараттың 90 пайызы дайын.
Қосым Аңсатбаев, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» КММ басшысы:
5 млрд ... өте көп қаражат. Бұған ғимараттың барлық құрылысы кіреді. Стандартқа сәйкес, заманауи медициналық жабдықтар бәрі қарастырылған. Терапевтік бөлім, жедел жәрдем қабылдау бөлімдері болады, әкімгершілік бөлімі болады.
Бескөл емханасының құрылысына 20-ға жуық техника, 100-ден аса адам жұмылдырылған. Жұмысқа белсене кіріскендердің біразы – жергілікті халық. Ғимрат құрылысы аяқтлған соң ауыл тұрғындары тіпті қалаға барып шығынданбайды. Бұл – заманауи медицина стандарттарының шалғай елдімекендерге де толық жеткенінің нақты дәлелі.
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04