Үйге 11 метр: Көксайдағы зират мәселесі
Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Көксай ауылының тұрғындары үйлерінің іргесіндегі зират аумағының кеңейтілгеніне алаңдаулы. Кей үйлер мен зират қоршауының арасы небәрі 11 метр. Тұрғындардың айтуынша, бұрын қорымның қоршауы баспаналарынан әлдеқайда алыс болған. Кейін аумақ кеңейтіліп, жаңа қоршау орнатылған. Ал еңіс жер сары топырақпен тегістелген. Тұрғындар бұл жағдай қауіпсіздігімізге де әсер ете ме деп алаңдайды.
Раушан Ғабитова, Көксай ауылының тұрғыны:
Біз СЭС-ке де жүгіндік, ДЧС-қа да жаздық. СЭС-тің жауабы бойынша, жергілікті тұрғын үйлерден арақашықтығы 300 метр сақталуы керек, жерасты суына мың метр сақталуы керек. Бізде қазір 300 метр тұрмақ, 100 метрде жоқ. ДЧС-тың акт-сі бар. Бұл үйінділер үйлерге қауіп төндіреді, жолды шайып кету қаупі бар деген.
Біз әзірге мазараттың жерін кеңейтіп қоршай береміз, бірақ адамдарды жерлемейміз деген. Ал адамдарды жерлеуін әкеп тоқтатып жатқан жоқ. Мазараттың жерін ескі қоршау күйінде қалдырып, жаңадан қосылған жаңа қоршауды алып, сарытопырақ жерге адамдарды жерлеуін тоқтатса.
Аркен Кенжебай, Іргелі ауылдық округі әкімінің орынбасары:
Бас жоспарға сәйкес, бұл жер бейіт боп бекітілген. Бірақ бұл кісілер үйді салды кезінде. Бірақ жеке кісіден алды ма учаскені біз оны анықтаған жоқпыз. Осы жердегі тұрғындар құжаттарын алып келсін көшірмелерін, біз өкілетті органдар бойынша: әкімшілігі бар, архетиктурасы бар, жер қатынастар бөлімі бар, басшыларын шақыртып, ортақ заңын қарап, заң аясында нақты жауабын береміз.
Читайте также
Все