Манарбек Ержановтың есімі Түркияда ұлықталды
ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Анкарадағы штаб пәтерінде қазақтың күміскөмей әншісі, композитор Манарбек Ержановқа арналған жиын өтті. Мәдениет қайраткерінің туғанына 125 жыл толуына орай ұйымдастырылған шараға Қарағандыдан арнайы барған өнерпаздар мен қазақ-түрік зиялы қауым өкілдері де қатысты. Салтанатты жиында Манарбек Ержановтың қазақ өнеріне қосқан орасан зор үлесі туралы айтылды. Бүгінге дейін бізге композитордың 150-ден аса музыкалық шығармасы жеткен. Жиында қазақстандық өнерпаздар ән мен жырдан шашу шашып, түрік көрерменіне Манарбек Ержановтың мол мұрасын таныстырды.
Автор
Айдос Әшімұлы
Читайте также
Все
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10
Павлодар облысында спорт кешені ашылды
24.11.2026, 17:08
«Қызылорда – Жезқазған» тасжолы ел игілігіне берілді
24.11.2026, 17:07
Ақмола облысында 2 сүт-тауарлы ферма іске қосылады
24.11.2026, 17:05
7 жылда 655 мыңнан аса грант бөлінді
24.11.2026, 17:03
Жолаушы тасымалы 2,9%-ға артты
24.11.2026, 17:01