Главная Новости 7 жылда 655 мыңнан аса грант бөлінді

7 жылда 655 мыңнан аса грант бөлінді

Соңғы 7 жылда 655 мыңнан астам студент мемлекеттік грантпен білім алды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі өкілдері мәлімдеді. Осы кезеңде студенттердің шәкіртақысы да 2,5 есе өсті. Мамандардың айтуынша, мемлекеттік грант – ел экономикасына қажетті кадр даярлаудың маңызды тетігі. Оның көмегімен білім, ғылым, әлеуметтік сала және басқа да стратегиялық бағыттар бойынша мамандар қалыптасады.

Жандәулет Құдайбергенов, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің басқарма басшысы:

Соңғы 7 жылда білім беру гранттарының саны 655 мыңнан асты, 2020 2021 жылы білім беру гранттарының саны 70-17 мың болса, кейінгі жылдары 90 мыңға жуық. Сонымен қатар мемлекеттік стипендия көлемі ұдайы өзгеріп келеді. Мысалы 2019 жылы бакалавриат стипендия көлемі 21 мың болса қазір 52 372 тг. Магистратураның степендиясы да өскен. 2019 жылы 53 мың болса, қазір 117 мың теңге. Яғни 2,2 есе өскен.

Бұдан бөлек соңғы 7 жылда ғылым саласына 261 млрд теңгеден астам қаражат құйылды. Мемлекет ғалымдарға зерттеу жүргізуден бастап, жобаны қаржыландыру, өндіріске енгізуге дейін қолдау көрсетіп келеді.

Дос Тұрғанбаев, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің басқарма басшысы:

Ғылым және білім министрлігі 2022 жылы құрылғалы бері коммерцияландыруға 4 конкурс ұйымдастырылыпты. Оған 57 млрд теңге бөлген екен. Қазіргі деректерге сай 148 жоба экспортқа шығып, 24 млрд пайда әкелді. 29 жоба шетелдік экспортқа шығып, 1,5 млн теңге пайда әкеліп отыр. Ал ауыл шаруашлығына келер болсақ, биол лип препараттарын жасап жатқан компания 1,7 млрд табыс тауып, Өзбекстан, Ресей елдеріне сатып жатыр. Бұл препараттар өсімдіктің өсуіне көмектесіп, шіруден сақтайтын препарат.

Поделиться