Қытайға кіріп-шығу тәртібі өзгереді
Енді ел азаматтары Қытайға сапарлау кезінде әуежайға кем дегенде 3 сағат бұрын баруы керек. Өйткені, Қытай еліне кіріп, одан шығу үшін иммиграциялық бақылаудан өту кезінде құжаттарды тексеру рәсімі бұрынғыдан да ұзақ уақыт алуы мүмкін.Жаңа талап 15 қыркүйектен бастап күшіне енеді.Бұл туралы FlyArystan әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. Осы ретте компания жолға шықпас бұрын қажетті құжаттарды, оның ішінде төлқұжаттың бар-жоғын және жарамдылық мерзімін алдын ала тексеруді ұсынып отыр. Айта кетейік, ел азаматтары Шығыстағы көршіміздің жерінде 30 күнге дейін визасыз жүре алады.
Автор
Айдана Қуантхан
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10