Вице-Президенттің төрағалығымен ішкі саясаттың негізгі бағыттары талқыланды
Ақордада Вице-Президент Ерлан Қариннің төрағалығымен ішкі саясаттың өзекті мәселелері талқыланды. Кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдық бірлікті нығайту, конституциялық құндылықтар мен қағидаттарды насихаттауға бағытталған бастамалары қаралды. Негізгі назар – «Заң және тәртіп», «Таза Қазақстан» және «Адал Азамат» қағидаттарын қоғамда орнықтыруға аударылды. Осы бағыттар бойынша нақты шаралар мен алдағы міндеттер пысықталды. Жиын қорытындысы бойынша Ерлан Қарин Мемлекет басшысының ішкі саясат саласындағы бастамаларын жүзеге асыруға арналған кеңес тұрақты түрде өткізілетінін айтып, жауапты мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берді.
Автор
Самал Қабышева
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04