Тарихи-мәдени мұраны сақтау жұмыстарын күшейту тапсырылды
Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады. Кездесу барысында Президент министрлік қызметінің басым бағыттарын айқындап, бірқатар нақты міндет қойды. Мәселен, мәдениет пен креативті индустрияны одан әрі дамыту, тарихи-мәдени мұраны сақтап, кеңінен насихаттау жұмыстарын күшейту тапсырылды. Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Президент отандық ақпарат кеңістігін жандандыруға, соның ішінде заң жобалау жұмысын заманауи цифрлық тәуекелдерді ескере отырып жетілдіруге күш салу қажет деп санайды. Бұдан бөлек, қоғамдық келісім, жастар мәселесі бойынша да міндеттер жүктелді.
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10