Еліміз үздіктер қатарында
VI дүниежүзілік көшпенділер ойындарында кезекті жарыс күнінен кейін қоржынымызда 10 жүлде бар. Ат спорты түрлерінде Чолпон Атада 2-алтын, 1-күміспен күптелсе, Алышта арпалысқан балуандарымыз 3-қола жүлдеге қол жеткізді. Тұрмұханбет Қалмұхан Алыштың классикалық стилінде, ал Әбубәкір Жандос еркін бағдарламада үздік үштікті түйіндеді. Түйе балуан Нұрсұлтан Қожагелді де абсолютті салмақта жүлдегерлер қатарында. Қырчын аймағында түнжарымға дейін жалғасқан арқан тартыс бәсекесінде білек пен жүрек сынға түскен сәтте Қазақстан құрамасы қарсылас шыдатпай тұғыр биігінен көрінді. Жарыс бағдарламасына жаңадан енген омыртқа сындыруда да жерлестеріміз қоржынға қола жүлде салды. Бүгін отандастарымыз жиырма спорт түрінде бақ сынайды.
Автор
Азат Қыдырбек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04