Қазақстанның көлік нарығы өсім көрсетті
Әлемдегі көлік нарығы құлдырап жатқанда Қазақстан керісінше өсім көрсетті. Focus2Move компаниясының зерттеу нәтижесі осындай. Әлемдік көлік нарығының көшбасшысы Қытай болып отыр. Екінші орында АҚШ тұрса, үшінші сатыда Үндістан орналасқан. Алғашқы ондыққа Жапония, Германия, Бразилия, Ұлыбритания, Франция, Канада және Италия да кірді. Қазақстан әлемдік көлік нарығы рейтингінде 36-орынға тұрақтады. Елдегі көліктерді тіркеу көрсеткіші 0,9 пайызға өскен. Зерттеушілердің пікірінше, нарыққа бір мезетте бірнеше фактор әсер етіп жатыр: геосаяси шиеленіс, АҚШ тарапынан енгізілген сауда шектеулері, Ормуз бұғазындағы жағдай, сондай-ақ жанармай бағасының өсуі.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10