Қытай 6G интернетті сынақтан өткізіп жатыр
Қытай 6G интернет желісін әзірлеу жұмыстарын күшейтті. Енді мобильді байланыс жүйесі жоғары, орта және төменгі орбита спутниктерімен біріктіріледі. Осы арқылы ақпараттық қауіпсіздікті арттырмақшы. Қазір қажетті инфрақұрылымдарын жаңартып жаңа инновациялық технологияларды енгізіп жатыр. Бұл шешім жекелеген аймақтарда 6G-ді пилоттық режимде іске қосып пайдалануға мүмкіндік береді. Ол қазіргі қолданыстағы нұсқадан 28 есе жылдам әрі 10 есе үлкен аумақты қамти алады. Сонымен қатар өндіріс саласында қолдану жүйесі кеңейеді.
Синь Гобинь, Қытайдың өндіріс және ақпараттық технологиялар министрлігінің ресми өкілі:
Қытай байланыс пен есептеу желілерін салуды жеделдетеді. Әсіресе 6G технологиясын зерттеу мен дамыту шараларына басымдық беріледі. Қазір «ғарыш-әуе-жер-теңіз» өзара байланыстыратын ақпараттық кеңістігін жасауға кірістік. Осының арқасында адамдар кез келген жерде және қалаған уақытында телекоммуникациялық қызметке қол жеткізе алады. Бұл ақпараттық-коммуникациялық саланың сапасын арттырып, әлемдік бәсекеге төтеп беруге жол ашады.
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04