Австралияда ЖИ-мен шығарылған әндерге тыйым салынды
Австралияда жасанды интеллектінің көмегімен шығарылған әндер музыкалық чарттардан алынып тасталды.
Мұндай шешім елдегі әйгілі диджей Джош Фаваз Мадонна әнінің кавер-нұсқасын жасанды жады көмегімен орындағанын мойындағаннан кейін қабылданды. Айта кетсек, бұл версия бір Spotify-дың өзінде 48 миллион мәрте тыңдалған. Австралия дыбыс жазу қауымдастығының мәлімдеуінше, өнерде табиғи дарын, жанды дауыс сақталуы тиіс.
Премьер-министр Энтони Албанезе болса, шығармашылық адамдарын жасанды интеллектіден мейлінше қорғауға уәде берді. Оның пікірінше, бұл технологияны бақылаудан шығару және туынды үшін ақы төлемеу «ұрлық» ретінде қарастырылуы керек.
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10